Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пойыздарға шығу": Алматы метросында қате маңдайша ілінген

Алматы метрополитеніндегі 11 бекетте де қате жазылған мына маңдайшаны көрдіңіз бе? 2011 жылдан бері метро қызметін пайдаланып жүрген алматылықтар қалайша бұл қатені байқамай қалды? 

Фото: Stan.kz

Орысшадағы "к поездам" деген сөз қазақшаға "пойызға шығу" деп қате аударылған. Қазақшаға аударғанда "пойыздарға қарай" болады.

Алайда мұнда пойыздар жер астында жүргендіктен, пойызға шығу тіркесі мүлдем сәйкес келмейді. "Шығу" сөзі ол, шыңға шығу, тауға көтерілу немесе контекске қарай "есіктен кірді және шықты" деп қолданыла береді.

Дұрысы: "пойызға міну", "пойызға қарай", тағы бір нұсқасы "кіру" және "шығу". Себебі қазақ тіліндегі "шығу" сөзінің түбірі – шық.



Қате маңдайша туралы метрополитен басшылығына сұраныс хат жіберіп, жауап алдық.

“Алматы Метрополитені маңдайшалардағы аударманы тексеріп, шешім қабылдау үшін Алматы қ. әкімі аппаратының тіл бөліміне ақпарат жолданды. Тіл мамандарының жауабына қарай метро әкімшілігі тарапынан тиісті шаралар қолданылатын болады”, – деді метрополитеннің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматыдағы Grand Park сауда ойын-сауық кешенінің Instagram желісіндегі ресми профилінде авторлары "Тоқалға чемодан сатып ал, әйеліңе чемоданды тегін ал" деген ұранмен байқау өтетіні туралы айтылғанын жаздық. Алайда жарнамадағы сөйлем желі қолданушыларының ашуына тиді. Дауға қатысты Алматы әкімдігі мен Grand Park сауда орталығының өкілдері түсініктеме берді. 

Талқылау