"POS-терминал арқылы төлем жасаған": Ақтөбеде алаяқ сегіз IPhone-ды қолды қылды
Ақтөбеде белгісіз біреу ірі сауда нүктесіне келіп сегіз IPhone сатып алған. Дүкеннің шотына келіп түскен ақша 15 минуттан соң сатып алушыға қайтарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Internethaber.com
Алаяқ сегіз IPhone-ның ақшасын POS-терминал арқылы төлеген. Алайда 15 минуттан кейін төленген сома дүкеннің есеп шотынан шығарылды.
Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері алаяқтың POS-терминал арқылы QR-кодпен төлем жасап, ақшаны қалай қайтарғанын анықтап жатыр.
“Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Телефонды алған соң белгісіз бағытта кеткен. 15 минутта шотқа түскен қаражат есептен шығарылды. POS-терминалды қоғамдық орындарда қалдырмаңыз. POS-терминалдың сериялық нөмірін ешкімге көрсетпеңіз”, – деп ескертті полиция қызметкерлері.
Полицияның айтуынша, олардың қызмет тәжірибесінде мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Олар саудагерлерді сақ болуға шақырды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"