"Поляк, украин, орыс пен еврейдің қаны бар": Мақпал Исабекова алғаш рет көпшілікке жолдасын көрсетті
Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Мақпал Исабекова алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Ұзақ уақыт бойы күйеуінің түрін жасырып келген Мақпал Исабекова Instagram желісінде оқырмандарын таңғалдырды. Әнші жолдасымен түскен бірнеше суретін жариялап, қалың көпшілікке оны ресми түрде таныстырды.
"Таныс болыңыздар. Теодор мен Илаяның әкесі – Родион Викторович", – деп жазды әнші.
-
"Мен оның тоқалымын": Мақпал Исабекова күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді
-
"Үшіншісін жоспарлап отырмыз": Мақпал Исабекова көпбалалы ана болғысы келетінін жасырмады
Одан кейін күйеуінің қазақ емес екенін де жасырмай жариялады.
“Мен ғана көріп, тамсана бермейін деп сіздер де көрсін дедім. Поляк, украин, орыс пен еврейдің қаны бар", – деп қысқа қайырды әнші.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Еске салайық, әнші "Адамның бетіне былш еткізеді" деп жеке өмірін сұрайтындарға ренжіген еді.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
