Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың польшалық жанкүйерлері Қазақстан туралы үстел ойынын ұйымдастырды

ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергеннің польшалық тыңдармандары "Димашпен бірге Қазақстанды аралайық" атты үстел ойынының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://dimashnews.com/

Бұл стратегиялық ойын қатысушыларды Димаш Құдайбергеннің туған жеріне саяхат жасауға шақырады. Ойыншылар Қазақстанның керемет жерлеріне барып, қазақ елі мен мәдениеті туралы қызық деректермен танысады. Іс-шараның басты сыйлығы – Астанадағы гипотетикалық концерт және Димашпен кездесу болады. Ойын поляк және ағылшын тілдерінде қол жетімді және жақын арада қазақ және испан тілдерінде де жарық көреді. Ойынның авторлары: Магдалена Холда, Сильвия Шайтер-Зиулек, Катажина Стшелиньска.



Тұсаукесер әншінің жанкүйерлері өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, нағыз қазақ дастарханын жайған Варшава мультимәдени орталығында өтті. Дастарханға бауырсақ, ірімшік, жент және құрт сияқты дәстүрлі тағамдар қойылды. Барлық тәттілерді жанкүйерлер өздерінің жеке рецепті бойынша дайындады.

Мереке барысында Варшавадағы "Димаш радиосында" қазақ музыкасы мен мерекесінің мәдениетін талқылауға арналған арнайы хабар өтті. Поляк жанкүйерлері Димашпен кездесу сәттерін асыға күтіп, алдағы концерттеріне дайындалып жатқанын айтқан. 

Еске салайық, домбыраның құлағында ойнаған Чили азаматы көпшілікті таңғалдырған еді. 

Талқылау