Полиция шақырса да, шара қабылдамаған: Қарағандыда әйелін балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот басталды
Қарағандыда әйелін пышақтап өлтірген 51 жастағы ер адамға қатысты сот отырысы басталды. Мәлім болғандай қылмыс балалардың көзінше орын алған. Күдікті бүгінде кінәсін толық мойындапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Қайғылы жағдай 2024 жылдың сәуірінде болған. Сол күні ерлі-зайыпты арасында ұрыс шыққан. Сол кезде ұлы учаскеліп полицейді шақырған екен. Алайда полицей келсе де, ер адамды ұстамаған. Кейін жанжал қайта басталып, ер адам әйелін бірнеше рет пышақтаған. Балалары жедел жәрдем шақырса да, Гүлмира Таймасова ауруханаға жетпей жан тапсырды.
Сотта ер адам алқабилерден бас тартқан, сондай-ақ істеген әрекетіне өкінетінін айтты. Марқұмның туыстары ер адам үшін ең қатаң жаза тағайындалуын талап етіп отыр.
"Ол жазасын жеңілдету үшін кінәсін мойындауы мүмкін. Оған ешкім сенбейді. Мысалы, мен істегеніне өкінеді деп ойламаймын. Себебі бізге "Оны өлтіргім келді" деп айтқан. Екіншіден, жауыздық емес дейді. Пышақпен үш рет ұрған", – дейді Гүлмира Таймасованың әпкесі Айгүл Өмірзақова.
Еске салайық, бұған дейін 25 қыркүйекте Алматыда күйеуі он рет пышақтап өлтірген Әл-Бейне Зарипованың өлімі бойынша сот үкімі шыққан еді. Әйелін айуандықпен өлтірген Сабыржан Зарипов 15 жылға соттал