Полиция Рамиль Мухоряповқа қатысты істі тоқтатты
Полиция Choco холдингінің негізін салушы және директоры Рамиль Мухоряповқа қатысты істі тоқтатты. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы полиция департаменті Рамиль Мухоряповтың ісі бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни алауыздықты қоздырғаны туралы деректі тексеру үшін сотқа дейінгі тергеу бастаған.
"Соталды тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл шешім ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тармағы 35-бабы 1-бөлігі бойынша қабылданды. Алматы прокуратурасы қабылданған іс жүргізу шешімімен келісті", – деді Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.
Еске салайық, Әлеуметтік желіде Chocolife компаниясының директоры Рамиль Мухоряповтың ресейліктермен кездесуде айтқан сөзі қызу талқыға түскен еді. Кездесу барысында компания басшысы шетелдіктерге қазақ тілінде жауап беру “мәдениеттің көрінісі емес” екенін айтқан. Алайда кейін видео жариялап, қазақстандықтардан кешірім сұрады.