Қарағандыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті (видео)
Қарағандыда патрульдік полиция көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде жас қызды қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апаты болған сәт сол маңдағы көліктің камерасына түсіп қалған. Кадрлардан жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қызды патрульдік полиция көлігі қағып кеткенін анық көруге болады.
Қарағанды облысының полиция департаменті зардап шеккен 22 жастағы қыздың медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.
"11 ақпан күні Қарағанды қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция экипажы алдында келе жатқан көлікке соқтығысудан қашып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апатының салдарынан 22 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Қызметтік көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – делінген полиция хабарламасында.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"