Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен
Біраз уақыт бұрын полиция капитаны Бақыт Әлімқұлов жүкті әйелді босандыруға көмектескен екен. Бүгінде бесінші перзентін аман-есен босанған келіншек Бақыт мырзаға ерекше алғысын білдіріп жатыр.
Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.
Бақыт Әлімқұлов әдеттегідей жұмыс бабымен бекетке келген. Ісін тындырып үйге қайтқалы жатқан кезде ішке көлік жүргізушісі кіріп әйелінің босанғалы жатқанын айтқан. Жедел жәрдем кешігіп кеткендіктен, капитан келіншекке көмек беріп, нәрестенің кіндігін кескен.
“Бұл кездейсоқ болған оқиға деп ойлаймын. Ешкім мұндай болады деп күткен жоқ. Өзімді батырмын деп санаудан аулақпын. Жанымда болған инспекторлар да көмектесті”, – дейді Бақыт Әлімқұлов.
Жуырда ұлды болған Сағат Ибраева бүгінде бес баланың анасы. Бесінші перзентінің есімін босандырып алған тәртіп сақшысы қойыпты. Жұмысы қызу полиция капитанын көруге қолы тимей жүр екен. Алайда телефон арқылы саулығын біліп отырады.
“Ол кісіге көп рахмет айтамын. Бақыт мырзаға ризамын. Құдайға шүкір, балам сол кісінің арқасында аман-есен дүниеге келді. Қоңырау шалып, баламның денсаулығы туралы жиі сұрап тұрады”, – дейді Сағат Ибраева.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Аптасына 7 күн қайырымдылықпен айналысатын астаналық жұртты тамсандырды
Түркістандық қыз өзінің күйеуге үшінші әйел болып шыққанын білмей қалған
Қазақстандық ене тәрбиелі келіндері туралы айтып мақтанды
Қазақстандық ене өзін күтушіге айналдырған келінінен көрген қорлығы туралы айтып налыды