Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыл сәтсіздігі: Полицияның атын жамылып алаяқтық жасамақ болған азамат полиция қызметкеріне қоңырау шалған

Әлеуметтік желіде зейнеткерге хабарласқан алаяқтың учаскелік полициямен видеоқоңырау арқылы сөйлесіп тұрған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Алаяқ дипфейк технологиясын пайдаланған. Ол камера арқылы өзінің бетіне жоғары лауазымды полиция қызметкерінің келбетін қойып, арам ойын іске асырмақ болған. Алайда зейнеткердің телефонын учаскелік полиция қызметкері көтеріп, ойындағысын іске асыра алмай қалды. 

Полиция қызметкері алаяқтармен қалай сөйлесу керегін көрсетті. Бастапқыда алаяқ өзін Астана қаласыннан хабарласып тұрған жоғары лауазымды полиция қызметкері ретінде таныстырды. Алайда одан қазақ тілінде сөйлеуін сұрағанда ол тұтұаны тастай салды.

Видеодан камераның арғы бетіндегі адам қозғалғанымен, еріндерінің қозғалыссыз тұрғанын байқауға болады. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күнделікті өмірде қазақ тілін жиі қолданатын өңірлерде мұндай алаяқтықтыр өте сирек кезедеседі. Сол себепті мұндай жағдайда хабарласып тұрған адамнан қазақша сөйлеуін талап ету керек деп кеңес берді.

 

Талқылау