Playboy журналына алғаш рет хиджаб киген мұсылман әйел шығады
Хиджаб киген мұсылман журналист Нур Тагоури Playboy журналының америкалық нұсқасына шығатындардың алғашқысы.

«Міне бұл осы қыз. Playboy журналы мені 2016 жылдың Renegades сериясы етіп шығарды», – деп жазады 22 жастағы бойжеткен. Renegades жобасы өз өмірін де құрбан ете отырып сүйікті ісімен айналысушы жастар жайлы әңгімелейді. Журналдың бұл саны қазан айында шықпақ.
Фототүсірілім үшін Тагоури джинсы шалбар мен майка, күртеше киген. Аяғында кеда аяқ киімі болған. Daily Mail мәліметінше, Тагоури АҚШ-тың коммерциалы телеарнасында қызмет ететін алғашқы мұсылман әйел. Тагоури маусым айында Newsy ақпараттық бағдарламасының репортеры болды.



Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін