Пластикалық отадан соң Кристина Агилераның түрі адам шошырлық күйге түсті (фото)
Бірнеше пластикалық ота жасатқан әлемге әйгілі әнші Кристина Агилера адам танымастай өзгеріп кетті. Хирургтардың араласуымен өткен бірнеше операциядан кейін жұлдыздың бет-әлпеті бүлінген.
Фото: әлеуметтік желіден алынды
Осыдан бірнеше күн бұрын Лос-Анджелесте жыл сайын өтетін коммерциялық емес Baby2Baby Gala қайырымдылық ұйымының кеші ұйымдастырылды. Айтулы шараға көптеген голливуд жұлдыздары қатысты. Қызыл кілемнің үстімен Джессика Альба, Кейт Хадсон, Дженнифер Гарнер және т.б. өнер жұлдыздары жүріп өтті. Қуатты дауыс иесі Кристина Агилера да қайырымдылық шарадан шет қалмады. Ол қызыл кілемнен азаматтық некедегі жолдасы Мэттью Ратлермен бірге жүріп өтті.
Алайда пластиканың кесірінен бет-әлпеті қимылсыз қалған әншіні көпшілік тани алмады. Жұлдыздың көз қиығы ассиметриялық болып өзгергендіктен, жанкүйерлері оны Перис Хилтонмен шатастырып алған.
Айта кететін жайт, әнші жуырда ғана шашының түсін де өзгерткен еді. Агилера қоңырқай-қызғылт түсті күміс түске ауыстырды. Жанкүйерлері оның жаңа шаш үлгісіне оңды бағасын берді. Алайда олар пластикалық отадан кейін сүйікті әншілерін мүлдем танымай қалды. Агилераның Инстаграм парақшасына жүктеген соңғы видеосының астында тыңдармандары түрлі пікір қалдырған.
Олардың басым бөлігі жұлдыздың қазіргі түр-әлпетінің бұрынғысынан әлдеқайда өзгешеленетінін атап өткен.
Жіберіп алмаңыз:
Джастин Бибер мен Селена Гомес үйленетін болды
Нью-Йоркте Қазақстан туралы ән орындаған жерлесіміз американдықтарды тәнті етті (видео)
“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)