Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Питон унитаздан шығып, ер адамның жыныс мүшесін тістеп алған

Дәретханаға барған кезде питон унитаздан шығып, тай азаматының жыныс мүшесін тістеп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Dailymail.co.uk

Танат Тангтеванон дәретханада отырғанда қатты ауырсынуды сезінді. Ол инстинктивті түрде қолын төмен түсіріп, үлкен питонның оның жыныс мүшесіне оралып алғанын көрген.

"Жыланды ұстап алғанымды түсінгенде қатты шошып кеттім. Орнымнан тез тұрып, оны тартып алдым. Алайда мүшем ауырғаны соншалық, жердің бәрі қан болды", – деді ер адам.

Тангтеванонның күш-жігеріне қарамастан, питон тістерін ашудан бас тартты. Әбіржіген ер адам дәретхана щеткасын алып, жыланды ұра бастады. Ол питонды өзінің қолын босатқанша ұра берді.

Зардап шеккен ер адам дереу ауруханаға барып, сіреспеге қарсы дәрі еккізген. Ешқандай тігіс салудың қажеті жоқ, өйткені тістер тым терең емес.

Кейінірек бауырымен жорғалаушының дәретханаға шығып, дренаждың S тәрізді иілісіне тығылғаны белгілі болды. Тангтеванонның айтуынша, ол бұдан кейін сақ болуды ұйғарған. 



Еске салайық, бұған дейін Индонезияда алып жылан 50 жастағы әйелді жұтып қойғанын жаздық. Төрт баланың анасы 50 жастағы Фарида орман арқылы базарға кеткен. Базарда ол жеміс-жидек сатпақ болған. Алайда бірнеше сағаттан соң ол үйіне оралмағандықтан Фариданың күйеуі түнде алаңдап, жергілікті тұрғындармен бірге әйелді іздей бастайды. Жоғалып кеткен Калемпанг ауылының тұрғынының денесін біраз уақыттан кейін бауырмен жорғалаушының ішінен тапқан.

Талқылау