Питер Фостер "Air Astana" компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
Фото: "Air Astana" баспасөз қызметі
"Air Astana" әуе компаниясының директорлар кеңесі компанияның бас директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айында өз қызметінен және директорлар кеңесінің құрамынан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Питер Фостер 2005 жылдан бері "Air Astana-ны" басқарып келеді және оның жетекшілігі кезінде компания Қазақстанның және Орталық Азияның ірі әуе тасымалдаушыларының біріне айналды.
2026 жылдың наурызынан кейін ол компаниямен байланысын үзбей, аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.
Компанияның жаңа бас директоры болып қазіргі қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалмақ. Ол "Air Astana-да" 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді және 2017 жылдан бастап қаржы саласын басқарып келеді.
Питер Фостер 1960 жылдың 16 шілдесінде Англияда дүниеге келген. 1982 жылы Кембридж университетін тәмамдаған, сондай-ақ Франциядағы INSEAD бизнес мектебінде менеджмент бойынша білім алған. Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1999 жылға дейін ол Cathay Pacific Airways Ltd әуе компаниясында Гонконгта, Азияда, Австралияда және Еуропада менеджер әрі аға менеджер қызметтерін атқарды.
Кейін 1999-2002 жылдары Philippine Airlines Inc әуе компаниясының қайта қалпына келтіру тобын басқарды, ал 2002-2005 жылдары Royal Brunei Airlines компаниясының бас атқарушы директоры болды.
Жамбыл облысы полиция департаментінде даудан кейін жаңа басшы тағайындалды
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі Руслан Берденовті жетекші қызметке тағайындалғанын жазған едік. Берденовтің тағайындалғанын Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Бұған дейін жаңа қызметкер отырғаны туралы алғаш болып журналист Бейбіт Әлібеков желідегі парақшасында жазған еді. Мәліметтерге сенсек, Алматыны дамыту орталығы қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына ықпал етуге, әкімдік пен тұрғындарға кәсіби қызметтердің кең спектрін ұсынуға бағытталған.

Қазақстанда отбасылардың жәрдемақы алу үшін әдейі ажырасатыны рас па? Зерттеп көрдік
