"Пышақ жүрек тұсына тиген": Алматыда дзюдодан Азия чемпионын бір топ адам соққыға жықты (видео)
Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановқа бір топ адам шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еgovpress Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пышақ соққыларының бірі спортышының жүрек аймағына тиген. Бақытымызға орай, спортшы аман қалды.
Ал Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.
"Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, басшылық тергеу барысын жіті қадағалап отыр.
Дамир Исаханов – Қазақстанның спорт шебері. Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Алматыда фитнес жаттықтырушыны өлтіріп кеткен еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”