Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін қызғанып өлтірген: Өскеменде оққа ұшқан азамат танымал спортшы болып шықты

Өскемендегі көшелердің бірінде болған жанжал кезінде қаза тапқан адам танымал спортшы Эльер Юнусметов болып шықты. Бұл туралы Stan.kz агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Қатон-Қарағай аудандық әкімдігі

Оқиға орнына келген полицейлер, оқ жарақатынан қаза болған ер адамның денесін тапты. Тәртіп сақшылары күдіктіні 10 минуттың ішінде ұстады. 

Мерт болған азамат 1990 жылы туған танымал спортшы Эльер Юнусметов екені белгілі болды. Эльер Қатон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. 

Ол әскерде борышын өтеген. Экономика және қаржы колледжін тәмамдап, "кеңесші заңгер" мамандығын алған. 

Қатон-Қарағай аудандық әкімдігінің дерегінше, Эльер Юнусметов жекпе-жек (ММА) бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксинг бойынша спорт шебері, кудо бойынша спорт шебері, жекпе-жек бойынша Әлем кубогі иегері және Еуразия чемпионы, "Катунидегі айқас" (Ресей Федерациясы) гран-при иегері болған. 

Спортқа алғаш 5 жасында қадам басқан дарынды жігіттің алғашқы жаттықтырушысы әкесі болды. 

Кейінгі кездері Эльер Юнусметов "Барыс QTT" бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг клубында жаттығып жүрген еді. 

Бұған дейін полицейлер Өскеменде адам атып өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстағанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желілерде ер адам бұл әрекетке 2000 жылы туған жұбайына деген қызғаныштан барғаны айтылған. Чемпионның артында әйелі мен кішкентай баласы қалды. 

Талқылау