Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жем мен емге айына екі миллион теңге жұмсалады": Қазақстандық қыз 120-дан астам ит пен мысықты асырап алған

Петропавлдық жетім қыз жүз жиырмадан астам ит пен мысықты асырап алған

Фото: Видеодан скрин

Петропавлдық ерікті Наиля Брюхова жүзден астам иесіз мысық пен иттерді асырап алған. Ол үй жануарлары үшін тамақ тауып, кешкі уақытта қоғамдық тамақтану орындарын аралайды. Ем-домына қомақты қаражат жұмсап, тіпті оларға арнап баспана да салып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “АstanaTV” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Наиляның Люся, Мура, Рыжик, Персик, Пушик есімді мысықтары бар. Оның жануарларға көмектеісп жүргеніне 8 жылдай уақыт болған. Наиялның өзі – жетімдер үйінің түлегі. Мұның бәрі қоқыс жәшігінен табылған марғаулардан басталған. Наиля оларды бағып, аман алып қалған. Сөйтіп үй жануарларының қатары көбейген. Қазір олардың жалпы саны – 125. Оның 99-ы – мысық, 26-сы ит.

“Жануарлардың көбі менімен бірге тұрады, өйткені олардың көбіне күтім қажет, кейбірі ем қабылдап жүр. Басқалары пеші бар жылы жалдамалы гаражда, иттерге арналған жалдамалы жеке үйде тұрады”, – дейді иесі.

Әр жануардың өз тарихы бар. Бірін тастап кеткен, енді бірі иесінен қорлық көрген. Наиляның айтуынша, Космос есімді мысықты төртінші қабаттан лақтырып жіберген. 

“Ол таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін балконның астында жатқан. Кейін маған хабар берді, мен барып оны алып, емханаға жеткіздім. Оның омыртқасы сынған, сондықтан жүре алмайды. Сондай-ақ оған КТ, МРТ жасау керек, арнайы жүруге көмектесетін құрал қажет. Бірақ әзірге менде жүргіштің орнына басқа құралдар бар”, – дейді Наиля.

Мұнша жануарды күтіп, бағудың оңай емес екенін Наиляның өзі де мойындайды. 

Ай сайын жем мен емханадағы емге шамамен екі миллион теңге жұмсалады. Жануарларға бейжай қарай алмайтын адамдар көмектеседі. Жануарлардың аш қалмауы үшін ерікті бәрін жасайды. Кешкісін тамақтану орындарын аралап, жануарларға тамақ жинайды, кейде ем-дом ақысын төлеу үшін қарыз алуға да мәжбүр болған. Айтуынша, шамамен төрт ай бұрын қарызданғаны соншалықты кір жуғыш машинасын сатуға тура келді. Ал алты ай бұрын тіпті тоңазытқышсыз сатып жіберген.

Алдағы уақытта ерікті өзінің жеке панажай ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін қала тұрғыны 25 сотық жер сатып алған. Болашақта ол жерге 500 ит пен 300 мысыққа дейін орналастыруға болады.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 10:56
Талқылау