Петропавлдан Алматыға әуе рейсі ашылды
Петропавлдан Алматыға әуе рейсі қайта ашылды, ұшақ екі қала арасында аптасына екі рет қатынайтын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, Алматы қаласына алғашқы рейс 14 қазан күні аттанады. Boeing ұшағы дүйсенбі және бейсенбі күндері Петропавлдан сағат 12:10-да шығып, екі сағаттан кейін Алматыда болады. Билет құны – 25 мың теңге. Ал Алматыдан Петропавлға дәл осы күндері бірақ таңертең сағат 9:05 минутта ұшып келеді.
Еске салайық, қазіргі уақытта Петропавл халықаралық әуежайын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қаралу үстінде. Бүгінде демеуқаржы бөлу арқылы әуе бағыттарының саны көбейтіліп жатыр. Қазіргі уақытта әуе рейстері Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларына бар.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар