Петропавлда жол апатынан қаза тапқан салық қызметкерінің әйелі мемлекеттен 35 миллион теңге өндіріп алды
Фото: ChatGpt
Петропавлда сот салық қызметін марқұм болған шенеуніктің отбасына 34 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың шілдесінде Сейтханов іссапармен Астанаға барып, жол апатына түскен. Салдарынан ол және тағы бірнеше адам көз жұмған. 2024 жылы 31 қазанда қайғылы оқиғаның марқұмның қызметтік міндетімен байланысты екені ресми түрде расталды.
Марқұмның әйелі өңірлік мемлекеттік кірістер департаментінен өтемақы талап еткен. Ол жұбайының соңғы 12 айда алған барлық кірістерін есепке алып, 58 миллион теңгеден астам сома сұраған.
Орал тұрғыны сатушыдан сапасыз көлік үшін 20 миллион теңгеден астам ақы өндіріп алды
Заңсыз қамауда болған қазақстандық мемлекеттен 40 миллион теңгедей өндіріп алды
"Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан салық қызметкерінің отбасына бюджеттен соңғы лауазымына сәйкес 10 жылдық жалақысы көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді. Алайда марқұмның арнайы атағы болмағандықтан, төлем тек лауазымдық жалақымен шектелді", – делінген хабарламада.
Нәтижесінде сот мемлекеттік органды марқұмның әйеліне 34,8 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда зейнетке шыққаны үшін жұмыстан босатылған мұғалім басшылығынан 2 миллион теңге өндіріп алғаны туралы жазған едік.

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
