Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жатақхана өртеніп, 150 адам эвакуацияланды

Петропавлда жатақхана өртеніп, 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кешкі уақытта жатақхананың 5-қабатындағы бөлме өртенген. Сонымен қатар 4 және 5-қабаттар да түтінге ораныпты. Құтқарушылар жоғарғы қабат тұрғындарын автобаспалдақ арқылы қауіпсіз жерге көшірген. Ал қалған тұрғындарды баспалдақтың көмегімен эвакуациялапты.

Құтқарушылар өртеніп жатқан пәтермен көршілес тұратын 3 тұрғынды құтқарды. Олардың ішінде 4 жасар бала да бар. Мұнан кейін зардап шеккендер қайта іздестіріліп, тағы 2 адам табылды.

Құтқарушыларға өртеніп жатқан пәтердің есігін бұзуға тура келіпті. Бұл уақытта пәтерде газ баллоны жанып жатқан көрінеді. Өрт сөндірушілер дер кезінде өртті сөндіріп, жарылыстың алдын алды.

«Өрттен 5 адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. 150 адам, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуының алдын алды. Өрт салдарынан тұрғындардың жиһаздары, мүлкі мен жеке заттары жанған. Өрт 17 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр», – дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында парапланмен ұшқан ер адам шатқалға құлап кетті

Қарағанды облысында мұзға тайып жығылған ер адам тіл тартпай кетті

Алматыда жүк көлігінің тіркемесіне секіріп мінбек болған ер адам көлік астына түсіп мерт болды (фото)

Астанадағы қайғылы оқиға: Мұнара краны құлады

Талқылау