Петропавлда жасөспірім қызды соққыға жыққан мектеп оқушылары жауапкершілікке тартылмаған
Видеодан скрин
Петропавл қаласында жасөспірім қызды соққыға жығып, бопсалаған мектеп оқушылары жауапкершілікке тартылмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Петропавлда әлеуметтік желіде оқушы қызды бірнеше жасөспірім қыздың қорқытып, күш көрсеткен бейнежазбасы тарады. Желіде тараған видеодан қыздардың жәбірленушіні ұрып, кейін ақша талап еткенін көруге болады. Сондай-ақ қыздардың бірі “мұның бәрі сендердердің мефендрондарыңның кесірі” деген.
“Н есімді жасөспір талап етілген 70 мың теңгені алып келмегені үшін соққыға жығылған. А және кәмелетке толмаған Ф есімді жасөспірім алдын ала сөз байласқан топ құрамында әрекет ете отырып, 70 мың теңгені ақысыз беру туралы заңсыз және негізсіз талаптарын жалғастырған”, – деді Петропавл қалалық сотының баспасөз қызметі.
Тергеу бірнеше айға созылған. Соңында тараптар татуласты.
"Заң бойынша 14 жастан бастап топтық ақша талап ету үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Алайда Жәбірленуші тарап А және Ф-ге қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берген”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Кінәлілердің жәбірленушінің шығынын өтегендері және қылмыстық істі тоқтатылғаны жазылды. Ал буллинг фактісі бойынша іс уақыт өтіп кеткендіктен тоқтатылды. Егер іс сотқа жетсе, кінәлілердің ата-аналары айыппұл төлейтін еді.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
