Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда полиция автокөлігі 9 жасар баланы қағып кетті (видео)

Петропавлда полиция автокөлігі бұрылыста велосипед мінген жас баланы қағып кетті.

WNDefV3g7QLo3bT45MQWKmbMt942oo

Жол апаты болған сәт Инстаграм желісінде пайда болған. Кадрда полиция автокөлігінің оңға бұрыла берген сәтте велосипед мінген жас баланы қағып өткені байқалады.

“29.04.2017 Мира Мен Сутюшев көшелері қиылысында патрулдік көлік бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан 9 жасар баланы қақты. Қызметкерлер жазадан құтылып кетуге тырысып жатыр. Бала омыртқасынан, денесінің басқа да бөліктерінен алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер мына нөмірлерге хабарласса екен: 87081072809, 87855972223. Біз кінәлілер жазасыз қала ма деп қорқып отырмыз. Бала әлі күнге ақылы палатада ем қабылдап жатыр. Жүре алмайды, отыра алмайды. Ал полиция қызметкерлері болса әлі ауруханаға келмеді”, – деп жазылған бейнежазба астында belousko_yuliya есімді қолданушы.

“Ол көлік бұрылып қойған сәтте жолға атып шықты. Әрине, ереже бойынша дұрыс келе жатты, бірақ, полицейлер де кінәлі емес”, – деп пікір білдіріпті olgaserash.

Өз кезегінде СҚО ІІД баспасөз қызметі болған жағдайды растап, ҚР ҚК 345 бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Әнші Айқын Ақтауда өз-өзіне қол жұмсаған қыз туралы ақпарат жариялады

ШҚО-да екі ғашық өз-өздерін өлтірмекші болды

Алматыда әйелімен ренжісіп қалған жүргізуші жол апатына ұшырады

Ақтауда әйел екінші қабаттан құлап кетті

Талқылау