Петропавлда полицей әйелді зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды
Петропавлда жұмыстан қайтып келе жатқан полиция майоры бойжеткенді зорламақ болған ер адамның қылмысының алдын алды, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.
СҚО ІІД-нің бастығы генерал-майор Берік Біләловке облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Оразымбетовтың атынан жеке қаулы келіп түсті.
Аталған судья өзіне келіп түскен қылмыстық істі қарау барысында қылмыскердің полиция майоры Андрей Ушаковтың дер кезіндегі әрекетінің арқасында қолға түскенін анықтаған.
Атап айтқанда, масайған ер адам облыс орталығында бір бойжеткенге тап беріп, зормалақ болған. Алайда 22 жастағы қала тұрғыны қылмыскердің шабуылына қарсылық танытып, қашып кетпек болған. Ол қылмыскерден сытылып шығып, өзі байқап қалған полиция қызметкеріне хабар берген. Полиция майоры Андрей Ушаков қылмыскерді қуып жетіп, қолын қайырып, бөлімшеге алып келген.
Жеке қаулыда кәсіби міндетін шебер атқарған құқық қорғаушының еңбегі ерекше аталады. Сот өз қаулысында ІІД-нің бастығына полиция майорын көтермелеу қажеттігін жеткізген.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, қылмыскер 10 жарым жылға сотталды.
«Сот корпусына полиция қызметкерін назардан тыс қалдырмағаны үшін алғыс білдіргіміз келеді. Андрей өмірде қарапайым адам, қызмет бабында темірдей тәртіпке бағынады. Оның жедел әрекеті бізді таң қалдырған жоқ, өйткені, мұндай сын кезінде оның жасқанып қалмайтынын білгенбіз», – дейді Андрейдің әріптесі полковник Игорь Семенов.
Жіберіп алмаңыз:
Анасының даусын алғаш естіген құлағы керең нәрестенің қылығы көпшілікті жылатты (видео)
Ислам Каримовтың қызы ешкім күтпеген суретін жариялады
Америкалық мейрамханада «елесті» видеоға түсіріп алған (видео)