Петропавлда мерекелік декорация жас қыздың үстіне құлады
Петропавлдың орталық көшесінде мерекеге арналған декорация жас қыздың үстіне құлады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Конституциясы көшесіндегі көрнекі арка сол маңнан өтіп баражатқан қыздың үстіне құлады.
Жәбірленуші жедел ауруханаға жеткізілді. Петропавл денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз №3 қалалық аурухананың травматологиялық бөлімінде жатыр.
Жағдайы ауыр. Конструкцияның құлауына күшті жел себеп болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, өңірде 19-20 наурызда ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.
Оқи отырыңыз:
Стивен Хокинг өзінің өлімінен екі апта бұрын адамзаттың жойылатынын болжады
Мамандар смартфонды қалай дұрыс қуаттау керегін айтты
Ақиқаты қайсы: “Зорланды” делінген баланың тағдырын таласқа салу кімге тиімді?
Алматы облысында науқас дәрігердің екпесінен кейін қайтыс болды
Талқылау