Петропавлдың екі тұрғыны чаттағы Қазақстан туралы әңгімелері үшін сотталды
Петропавлда екі жергілікті тұрғын сепаратизм әрекеті үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттіні хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Олар ғаламторда Қазақстан аумағының тұтастығын бұзуды насихаттаған. Бірақ сот кезінде күдіктілер өз сөздерінен бас тартты.
Дегенмен, олардың кінәсі Instagram мен TikTok желілерінде жариялаған материалдар арқылы дәлелденді.
“Ерте ме, кеш пе Ресейге қосылады”: ШҚО тұрғыны "сепаратистік пікірі үшін" бес жылға сотталды
"Олар "Чат Рулетка" веб-сайтындағы YouTube видеохостингінде Қазақстан Республикасының тұтастығын, оның аумағына оның аумағына қол сұғылмаушылық пен бөлінбеушілікті насихаттағанын жоққа шығарды. Алайда әлеуметтік желілерде жарияланған жазбалар олардың кінәсін дәлелдеді", — деді СҚО прокуратурасы.
Қараша айында соттың үкімі заңды күшіне енді. Сотталғандар жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады.
2024 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында ұлтаралық араздық пен сепаратизмді қоздырғаны үшін 14 адам 10 қылмыстық іс бойынша сотталды.
Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындамайтындарын ашық айтқан сепаратистік ұйым өкілдері сотталған еді.