Петропавл тұрғындары жылу мен электр энергиясының қымбаттағанына наразы
Петропавл тұрғындары жылу мен электр энергиясының қымбаттағанына наразы. Жылыту маусымы енді басталса да, баға шарықтап кеткен дейді. Өңірде коммуналдық қызметтер қымбаттады. Жылу энергиясы енді тұтынушыларға 20% қымбатқа түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Астана
Петропавлдықтар кейінгі бір айдағы коммуналдық төлемге шағымданды. Жылыту маусымы енді ғана басталып, халықты таңғалдырып үлгерді. Облыста жылу тарифі 20% көтерілген.
“Әрине, электр қуатының бағасы көтерілді. Қыста 18 мың төледім, қазір 22 мың. Менің үш бөлмелі пәтерім бар”.
“Жарық қымбаттады. 3-4 мыңның арасында төлеуші едік, қазір 6 мың төледік. Жылуды толық бір ай тұтынбасақ та, төлемді бір ай үшін алған сияқты”.
“Бұрын жарыққа 1500-1800 аралығында төлесек, бұл айда шамамен 2800 теңге шықты”
Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті электр энергиясы тарифтері соңғы рет ақпанда көтерілген. Ол 20% қымбаттады. Қыркүйектің соңында жылу тарифі көтерілді.
“Петропавлда 23 қыркүйектен бастап тариф өзгерді. Негізгі себептер – "Севказэнерго" АҚ-ның жылу энергиясын өндіру құнының өзгеруі, сондай-ақ Петропавл жылу желілері арқылы жылу энергиясын тасымалдау. Бұл компанияда 1 шілдеде өзгеріс болды. Тиісінше, "Севказэнергосбыт" "Табиғи монополиялар туралы" заң бойынша тауарлар құнының өзгеруі туралы жылына бір рет уәкілетті органға жүгіне алады”, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті Әмір Тоқтамысов.
Осылайша жеке тұлғалар үшін жылу энергиясының құны 20%, заңды тұлғалар үшін 15% өсті. Сондай-ақ тұтынушылар өндірілген төлемдерді түсіндіруді талап етіп монополистке хабарласуға құқылы.
Еске салсақ, бұған дейін алматылықтар коммуналдық қызмет үшін төлемнің көп шыққанына шағымданған еді.