Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл билігі 340 миллион теңгеге екі жер үйді сатып алмақ

Видеодан скрин

Петропавл билігі 340 миллион теңгеге екі жер үйді сатып алмақ. Әкімдіктегілер бұл баспаналарды сүріп, орнына балабақша салуды көздеп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бірақ мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған сома көпшіліктің наразылығын туғызды. Қараша бұл бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау деп есептейді.Қада тұрғындары ақшаны басқа шешімін таппаған мәселеге жұмсау керек деп есептейді. Биліктегілер халықпен ақылдасып бару шешім қабылдауы тиіс деп деген пікір айтты.

 Сауда шартына сәйкес әр үйдің жалпы ауданы 200 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, жер учаскесі болуы шарт. Яғни, қала әкімдігі сатып алуды жоспарлаған үйдің бір шаршы метрінің құны 700-800 мың теңге аралығында болмақ. Бұл нарықтағы бағадан екі-үш есе қымбат. Ал тұрғындар бұл жыл бойы ұқсата алмаған қазына ақшасын игерудің таптырмас жолы деген пікірде. Былтыр да жыл соңында қала әкімдігі екі мұнараны Жаңа жыл мерекесіне орай безендіру үшін 230 миллион теңге жұмсамақ болған. Алайда халықтың наразылығынан кейін конкурс тоқтатылған еді. 

"Тәуелсіз бағалаушылар әр үйдің құнын 170 млн теңге деп белгіледі. Аталған жұмыс заң талаптарына сәйкес мамандандырылған сарапшылармен жүргізілді. Бұл үйлердің орнына балабақша салу жоспарланған. Сондықтан жер телімдерін мемлекет меншігіне алу қажет. Үйлер алынбайынша балабақша құрылысын бастау мүмкін емес", - дейді  “Петропавл Қаласы ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Бердімұрат Баймұқан.

 

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 10:01
Талқылау