Петербургтік суретші әнші Сергей Шнуровтың суретін омырауымен салған
Петербургтік суретші Ирина Романовская “Ленинград” тобының көшбасшысы Сергей Шнуровтың суретін омырауымен салған. Онда Сергей жасыл ішкиім, шұлық және қызыл туфли киіп алған.
Сурет Ирина Романовская
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
“Мен Сергейде әзілді сезіну қабілеті бар деп ойлаймын. Мен оның концерттерінде болдым, ол ашық-жарқын, маған ұнады”, – дейді суретші. Ол бұл суретті салуға “Экспонат” бейнебаянының қатты әсер еткенін де айтты.
Ол сурет салу кезінде арнайы сызба-үлгілерді және гуашты пайдаланады екен. Бұған дейін суретші Барак Обаманың, депутат Виталия Милонованың, футболшы Лионел Месси, Леонардо Ди Каприоның суреттерін кеудесімен бейнелеген еді.
Талқылау