Пермьдегі атысты ұйымдастырған жасөспірім есін жиды: Оның есінде ештеңе жоқ
Пермьдегі атысқа кінәлі деп күдіктелген Тимур Бекмансуровтың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, ол есін жинаған. Алайда есінде ештеңе қалмаған.
“Оның жағдайы жақсарды. Есінде ештеңе жоқ", – делінген хабарламада.
Бірнеше күн бұрын Бекмансұровтың аяғы ампутацияланған, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады.
Еске салсақ, Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 8 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды.
Ресми органдар қылмыскердің өлімін растамаған. Десек те, кейбір деректерге сәйкес, ол полиция оғынан қаза болған.
Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз қаңғыбаспен бірге қашып кеткен
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр