Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайраттан тәркіленген 79 миллион теңгелік Lexus қаржы мониторингі агенттігіне берілді

Фото: Қаржы мониторинг агенттігі

Перизат Қайрат ісі бойынша тәркіленген құны 79 миллион теңге болатын Lexus LX 600 көлігі аукцион қорытындысымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі балансына берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша тәркіленген құны 79 миллион теңге болатын Lexus LX 600 көлігі қаржы мониторинг агенттігі (АФМ) балансына берілді. 

Қара түсті жол талғамайтын көлік 2025 жылдың қарашасында өткен аукцион қорытындысы бойынша мемлекеттік органға берілген. Автокөлік Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның бауырының атына тіркелген.

Тергеу деректеріне сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы қайырымдылық мақсатында жиналған қаражатты жымқыру және жылыстату ісіне қатысы бар деп танылған. Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Анасы 7 жылға сотталды. Екеуінен 50 жәбірленушінің пайдасына 1,582 миллиард теңге өндірілетін болды.

Сонымен қатар сот шешімімен Перизат Қайрат "Шапағат" медалінен айырылды. Қазір іс бойынша тәркіленген басқа мүліктер әлі мемлекеттік органдарға берілген жоқ. Олар кейін құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстанда 30-дан аса люкс көлік аукцион арқылы сатылудың орнына мемлекеттік органдарға тегін берілген

Қазақстанда 30-дан аса люкс көлік аукцион арқылы сатылудың орнына мемлекеттік органдарға тегін берілген

Оқыңыз

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат ісі аясында тәркіленген мүліктер кезең-кезеңімен сатылымға шығарылып жатқанын жазған едік. Соның бірі – қара түсті Mercedes-Benz S450. Көлік 79,4 млн теңгеге бағаланып, аукцион 7 сәуірде өтті. Бірақ сатылымға тек мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік ұйымдар қатыса алады.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 16:28