Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін – Жоғарғы сот
Фото: Перизат Қайраттың жеке парақшасы
Жоғарғы сот қоғам тарапынан сұраныс көп болса, Перизат Қайраттың соты ашық түрде тікелей эфирде көрсетілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз біргеміз" қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі Перизат Қайраттың ісі әлі сотқа түскен жоқ.
“Егер соңғы қылмыстық іс сотқа келіп түссе, жұртшылық, заңгерлер қауымдастығы сұратса, сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету туралы мәселе қаралуы мүмкін”, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.
Перизат Қайраттың Biz Birgemiz қоры мәжбүрлі түрде таратылмақ
Перизат Қайраттың ісінде Asarume қайырымдылық қоры жәбірленуші деп танылды
Еске салсақ, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі “Biz Birgemiz” қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталғанын растады.
Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева әрекеттері сарапталып, олар аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін күдікті деп танылды.
ҚМА дерегіне сәйкес, қылмыстық іс 100 томнан тұрады, әр томда 180 бет бар.

"8 жасар балам "гей" боламын деді": Қазақстандық блогерді ұлының тосыннан айтқан әңгімесі таңғалдырған
