Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайраттың көлігі аукционға шығарылды

Перизат Қайраттың көлігі аукционға шығарылдыФото: Электронды сауда порталы

Астана мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік нөмірі 777KPK01 қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігінің сатуға шығарылғанын жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

777KPK01 нөмірлі қара түсті Mercedes-Benz S450 автокөлігінің бағасына Pandora сигнализациясы бар кілт кіреді. Автокөліктің аккумуляторы разрядталған, алайда техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес. Көлік 79 415 000 теңгеге бағаланып отыр.

Сатылым 7 сәуірде сағат 10:00-де басталады.

Қазір автокөлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады.

Перизат Қайраттың көлігі аукционға шығарылдыФото: Электронды сауда порталы

Олардың қатарында әлеуметтік қызмет субъектілері бар:

  • Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
  • Балабақша мен орта білім мекемелері;
  • Уақытша орналастыру орындары;
  • Медико-әлеуметтік мекемелер.


Егер көлік сатылмаса, лот барлық қызығушылық танытқан адамдарға сатылымға шығарылады.

Бұған дейін Перизат Қайраттың 4 автокөлігі, 4 пәтері мен жеке үйі аукционда сатылғаны туралы жазған едік.

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатқанын жаздық. Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған. 2023 жылы Газа секторына көмек көрсету мақсатында жиналған 83 миллион теңге және басқа да қайырымдылық қаражаттарының қалай жұмсалғаны туралы қоғамда күмән туындаған. Прокуратура жалпы шығынды 200 миллион теңгеден асады деп көрсетсе, жәбірленушілер бұл істі жай ғана алаяқтық емес, сенімге жасалған опасыздық деп санайды. "Стройконструкция" АҚ-ның өкілі Перизат Қайратты "алаяқтардың патшайымы" деп атап, оны әйгілі алаяқтар Остап Бендер мен Сонька Алтынқолмен салыстырды. Жәбірленушілер айыпталушыларға ең қатаң жаза қолдануды талап етті.

Айым Болатқызы
Жұма, 27 Наурыз, 2026 11:27