Перизат Қайрат пен анасына қатысты ісі бойынша тергеу аяқталды

Фото: Әлеуметтік желіден
Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның ісі прокуратураға жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. 2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңге болды.
Перизат Қайраттың Biz Birgemiz қоры мәжбүрлі түрде таратылмақ
Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін бас прокуратураға берілді.
Еске салсақ, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі “Biz Birgemiz” қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталғанын растады.
Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева әрекеттері сарапталып, олар аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін күдікті деп танылды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді