Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайраттың анасы сотта жауап беруден бас тартты

Перизат Қайрат пен анасы жауап беруден бас тартты

Фото: Іnstagram.com/01pk

21 шілде күні Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта өткен отырыс жабық режимде өтті. Күдікті Перизат Қайраттың анасы сотта жауап беруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі жарты күн бойы заттай дәлелдемелерді зерттеді. Сондай-ақ тараптар бірқатар өтініштерін оқыған. Алайда олардың не туралы өтініш екені және судьяның оларды қанағаттандырғаны немесе қанағаттандырмағаны белгісіз.

“Айыпталушы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева өз құқықтарын пайдаланып, жауап беруден бас тартты", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бүгін 22 шілде күні, Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта жарыссөз басталады.

Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 

16 шілдеде өткен сот отырысында Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналары Перизат Қайраттан қайырымдылыққа аударған ақшасын қайтарып беруді талап етті. Ата-аналар ол ақшаны ауыр дертке шалдыққан мұғалімге аударғысы келетінін айтты.

Сондай-ақ сотта тасқын кезінде қайырымдылыққа деп қор шотына 1 млн теңгесін аударған зейнеткер сөз алып, ақшасын қайтарып беруді талап етті.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 09:06
Талқылау