Перизат Қайратты "алаяқтардың патшайымы" деп атады: Жәбірленушілер жарыссөзге шықты
Фото: Іnstagram.com/01pk
23 шілдеде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы іс бойынша сотта тараптардың жарыссөзі жалғасты. Сотта жәбірленушілердің өкілдері сөз сөйледі. Тергеу деректеріне сәйкес олардың саны 47. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Стройконструкция” АҚ-ның заңгері Галина Исаева айыптаушылардың әрекетін белгілі алаяқтармен салыстырды.
“Анасы мен қызының әрекетін "белдемше киген Остап Бендер” мен "Сонька – алтын қол" деген лақап атпен танылған әйгілі алаяқ Софья Блювштейнмен салыстыруға болады. Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның қылмысы дәлелденіп отыр. Біз 200 миллион теңге өндіріп алуды және ең қатаң жаза тағайындауды сұраймыз. Бұл істе ондаған адам зардап шекті”, – деді Исаева.
Жәбірленушілердің айтуынша, Перизат Қайрат басқаратын қор 2024 жылы БАҚ беттерінде "зардап шеккендерге көмектесетін жалғыз ұйым" ретінде кеңінен танылған. Алайда бүгінде олар бұқаралық ақпарат құралдарында жиналған қаражаттың нақты қалай жұмсалғаны жайлы ашық мәліметтер таралып жатқанын айтады.
Жәбірленушілер бұл істі жай ғана алаяқтық емес, ондаған адамның сенімін сатқан опасыздық деп бағалайды. Сот процесі жалғасып жатыр.
"Түрмеде отырса да ақшасыз қалмайды": Танымал нумеролог Перизат Қайраттың тағдырын болжады
5 пәтер, 4 көлік, ақша мен бұйымдар: Перизат Қайрат пен оның анасынан не тәркіленбек
Еске салайық, бұған дейін Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 22 шілдеде сот жарыссөзі басталды. Прокурор Мадина Оразалина қайырымдылық атын жамылып пайда көргісі келетіндерге үндеу жолдады. Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұраған еді.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
