Перизат Қайрат пен оның анасына бүгін сот үкімі шығады
Фото: Telegram/@kozachkow
Астанада 2025 жылғы 25 шілде күні сағат 15:00-де қайырымдылыққа жиналған қомақты қаржыны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот үкімі шығады. Сот отырысы ашық түрде өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Перизат Қайрат ісі бойынша соттағы жарыссөз жабық түрде өтті. БАҚ өкілдеріне Перизат Қайраттың, анасы Ғайни Алашбаеваның және олардың адвокатының соңғы сөзін тыңдауға рұқсат берілмеді. Олардың қорғаушысы Асланбек Дәулетияров журналистерге жарыссөзде бұл іске қатысты бұлтартпас дәлелдер келтіретінін айтқан еді. Алайда БАҚ өкілдеріне жарыссөзде айыпталушылардың қандай уәж айтқаны сол күйі құпия болып қалды.
Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға Қылмыстық кодекстің алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылып отыр. Мемлекеттік айыптаушы олардың мүлкін тәркілей отырып, Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасы Ғани Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жүріп жатқанын, тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылғанын жазған едік. Қоғамда 2023 жылы Газа секторына көмек көрсету мақсатында жиналған 83 миллион теңге және басқа да қайырымдылық қаражаттарының қалай жұмсалғаны туралы күмән туындаған.
Прокуратура жалпы шығын 200 миллион теңгеден асады деп көрсетсе, жәбірленушілер бұл істі жай ғана алаяқтық емес, сенімге жасалған опасыздық деп санайды. "Стройконструкция" АҚ-ның өкілі Перизат Қайратты "алаяқтардың патшайымы" деп атап, оны әйгілі алаяқтар Остап Бендер мен Сонька Алтынқолмен салыстырды. Жәбірленушілер айыпталушыларға ең қатаң жаза қолдануды талап етті
Перизат Қайрат ісі бойынша өткен жарыссөз кезінде жәбірленушілердің бірі – Садық Олжас айыпталушының кінәсі толық дәлелденгенін айтанымен, оның анасы Ғайни Алашбаеваға сотта адамгершілік танытып, қатаң жазаламауды сұрады.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
