Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайрат ісі: Сот жабық режимде өтіп жатыр

Перизат Қайрат ісіндегі мемлекеттік айыптаушыларФото: informburo.kz

Қаржы жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғани Алашбаеваның ісі бойынша сот отырысы бүгін жабық түрде өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құпия деректер, оның ішінде банк құпиясын қамтитын құжаттар қаралатындықтан, сот отырысы жабық түрде өтеді.

Бұған дейін судья Сабыржан Кәрімов сот отырыстарын дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгілеген еді. Дегенмен өткен аптада тыңдаулар сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері өтті.

Еске салсақ, 14 шілде күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот процесі басталды. Прокурор айыптау актісінде Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған ақшаны қайда жұмсағанын оқып берді.

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға Қылмыстық кодекстің "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық", "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру", "Аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру"баптарымен айып тағылған.

Сотта куәгерлің бірі Перизат Қайрат ақшаны қытайлық сөмкелермен алып кеткенін мәлімдеді. Куәгер Әділхан Мусиннің айтуынша, ол Перизат Қайратпен бірнеше рет кездескен және қор қаржысын жеке кәсіпкерліктердің шоты арқылы қолма-қол ақшаға аударған.

Аида Тақабаева
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 12:36
Талқылау