Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайрат ақшаны қытайлық сөмкелермен алып кетті – Куәгер

Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның ісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта куәгер Перизат Қайраттың қаржыны қытайлық сөмкемен алып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Куәгер Әділхан Мусин Перизат Қайратпен бірнеше рет кездескенін және қор қаржысын жеке кәсіпкерліктердің шоты арқылы қолма-қол ақшаға аударғанын айтты. 

“Қанша рет болғаны нақты есімде жоқ, өйткені кездесу сәуір-мамыр айларында өтті. Бірақ кейін ақшаны мен тапсырдым, шатаспасам, үш кездесу болған сияқты. Дәл барлық соманы атай алмаймын, шамамен, бір жеке кәсіпкер орта есеппен 70 миллион теңге алған. Ұмытпасам, 12-13 жеке кәсіпкерлік болды. Менің түсінуімше, егер жеке кәсіпкер белгілі бір сомаға шарт жасасса, ол бұл соманы бір реттік аударыммен ала алған. Ал егер шартта қандай да бір ескерту болса, ол кезде екі траншпен жібереді. Бірақ түсінгенім жеке кәсіпкерлердің көбісі ақшаны бір реттік аударыммен алған”, – деді Әділхан Мусин.

Оның айтуынша, қолма-қол ақшаны күдікті Перизат Қайраттың өзі алып жүрген.

“Ақшаны Перизаттың өзі алып жүрді. Ыңғайлы болу үшін біз ақшаны сөмкелерге салатынбыз. Себебі банк бізге ақшаны буылған күйінде беретін. Оларды сөмкеге салған ыңғайлырақ еді. Бұл сөмкелер кейін өзіне жеке табысталып, көлікке жүктелетін”, – дейді ол.

Осы орайда прокурор куәгерден ақшаның қандай сөмкемен тасығанын нақтылады.

“Кәдімгі қытайлық тор сөмкелері”, – деп қосты Мусин.

Сондай-ақ куәгер шамамен 210 миллион теңге қолма-қол ақшаға айналғанын айтты.

Назархан Уән
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 19:26
Талқылау