People журналы 2016 жылдың ең әдемі әйелін анықтады
People журналы америкалық актриса Дженнифер Энистонды 2016 жылдағы әлемнің ең сұлу әйелі деп бағалады.
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
47 жастағы Энистон әрдайым салауатты өмір салтын жарнамалап келеді. Ол аптаның 6 сағатын спортқа арнайды. Сондай-ақ ол фаст-фуд өнімдерін тұтынумен күресіп жүр. Өзінің сұлулығын ол ішкі сенімділігі, жүрек тыныштығы, қайырымдылығы мен әділдігінің арқасында деп бағалаған.
“Өзіңізді бақытсыз сезінбеңіз және қоршаған ортаның сіздің өміріңізді сынауына жол бермеңіз”, – деді ол сұхбатында.
Наурыз айының соңында Victoria’s Secret әлемдегі барлық уақыт бойынша ең сексуальды әйелді анықтап, ол атақты әнші әрі актриса Дженнифер Лопеске табыстаған еді. Ең сексуальды киноактриса – Керри Вашингтон танылса, дәл осы аталым бойынша әншілер ішінен Деми Ловато озып шыққан.
Талқылау