Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пентагон өкілі: "Путиннен мұндай зорлық пен қатыгездікті ешкім күткен жоқ"

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы ресейлік армияның әскери қылмыстарына байланысты қатыгездік пен азғындық үшін айыпталды. Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби Путиннің ақылға қонымсыз әрекет етіп жатқанын айтып, эмоциясын жасыра алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме беріп.

путин

"Оның Украинада не істеп жатқанына, оның күштерінің Украинадағы әрекетіне қарап, этика, моралі бар адам мұны ақтай алады деп айту қиын. Мұның бәріне қарап отыру қиын, кешіріңіздер. Кейбір суреттерге қарау мүмкін емес, есі дұрыс, байсалды басшының әрекетінің салдары деп ойламайсыз. Оның психологиясы жайлы айту қиын, бірақ оның азғындығы жайлы айтуға болады деп ойлаймын, – деді Кирби.

Ол Ресей әскерлерінің Украинадағы әрекеттері елді "деназификациялау" мақсатына сәйкес келмейтінін атап өтті.

"Басына оқ тиген бейкүнә адамдарға, жүкті әйелдерге қатысты не істегенін қарап, оның айтқанымен келісу қиын. Ол ауруханаларды бомбалады. Айтқандарымен әрекеті қалай байланысатынын түсінбеймін", – дейді Кирби.

Кирби сондай-ақ Батыс Ресей президентінің мұндай дәрежедегі "зорлық пен қатыгездікке" барады деп "толықтай болжай алмағанын" мойындады.

Ресей әскери қылмыстар туралы барлық айыптауларды жоққа шығарады және оған жауап ретінде Батыс пен Украинаны арандатулар мен ұйымдастырды деп айыптайды.



Журналистердің "Ресейдің ядролық қаруды қолдануы мүмкін бе?" деген дәстүрлі сауалына Пентагон өкілі Америка Құрама Штаттары Ресейде болып жатқан оқиғаларды қадағалап отырғанын және оларда "стратегиялық ядролық тежеу" құралы бар екенін айтты. Сөзінше, бұл оларды және одақтастарын қорғай алады.

"Біз Ресейді ядролық қару жайлы әңгімелерді тоқтатуға және дұрыс әрекет етуге, яғни бүгін соғысты тоқтатуға, Украинадан әскерін шығаруға және президент Зеленскиймен келіссөз үстеліне отыруға шақырамыз", – деді ол.

Жұма күні Украина президенті Владимир Зеленский поляк басылымына берген сұхбатында Путинмен кездесуге дайын екенін, өйткені Ресейде "бәрін бір адам шешетінін” айтып өтті.

Алайда, оның айтуынша, Украинадағы ресейлік сарбаздардың әрекетінен кейін бейбіт келіссөздер туралы айту өте қиын, өйткені кез келген талқылау мағынасыз болып қалды.

"Буча мен Мариупольдағы жағдайдан соң украиналықтар өздерін өлтіргісі келетінін көрді. Мұндай жағдайда бірдеңе айту қиын", – дейді ол.

Украина билігінің мәліметі бойынша, Киев облысының аумағынан ресейлік әскер басып алу кезінде қаза тапқан 1202 бейбіт тұрғынның мәйіті табылды.

Талқылау