Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педофилдерге егілетін екпенің пайдасына күмән келтіретіндер көбейді

1 қаңтардан бастап педофилдердің жазасын күшейту туралы заң күшіне енді. Сот шешімімен кінәлі деп танылған қылмыскерлерге енді арнайы химиялық екпе егіледі,-деп жазды 24.kz.

Бұл жаңалық қоғамда алуан түрлі пікір тудырды. Мәселен, кей азаматтар жаза тым жеңіл дейді. Ал енді бірі осы мақсатқа бюджеттен бөлінген 9,5 миллион теңгені оңды-солды шашу деп, қабылданған жаңа заңға сенімсіздік білдіріп жатыр.

2017 жыл. Маусым айы. Атырау облысында 28 жастағы азаматтың азғындық әрекетінен 8 жасар қыз бала көз жұмды. Көп ұзамай, осыған ұқсас оқиға Қарағанды облысында қайталанды. 50 жастағы азамат 5 жасар бүлдіршінді қорлады. Салдарынан зардап шеккен қаршадай қызға күрделі операция жасалды.

Әлеуметтік желіге кіре қалсаңыз, осындай көңіл құлазытар жаңалықтың көптігінен көз сүрінеді. Әсіресе бала қорлаушылардың саны соңғы жылдары едәуір көбейген.

2017 жылы олардан зардап шеккен бүлдіршін саны өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға артқан.

«Егер 2017 жылдың 9 айы мен 2016 жылдың дәл сол мерзімдегі көрсеткішін салыстырар болсақ, кәмелетке толмаған балаларға қарсы қылмыс артқан. Нақтырақ айтқанда, зорлау қылмысының саны 100-ден 133-ке көбейген. Өсім – 33 пайыз»,-дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.

Баласының өміріне балта шабылған ата-ананың ащы зары ақыры биліктегілерге жетсе керекті. Соңғы бірнеше жылда педофилдер мәселесі биік мінберлерден айтыла бастады.

Ал 2016 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы арнайы заңға қол қойды. Оған сай сот шешімімен кінәлі деп танылған қылмыскерге химиялық екпе егіледі.

Ринат Мұзафаров,: –

«Бұл медициналық емдеу шаралары бостандығы шектелгендер үшін түзеу мекемелерінде жүзеге асырылады. Ал басқа жазаға тартылғандарға амбулаторлық-психиатриялық көмек көрсетілетін денсаулық сақтау мекемелерінде егіледі»,-дейді  Республикалық психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Ринат Музафаров.

Мамандардың айтуынша, екпенің күші екі аптаға жетеді. Осы уақыт аралығында қылмыскердің белсенділігі төмендейтін көрінеді. Тіпті денсаулыққа зиян келеді екен. Алайда препараттың әсері әлсіреген соң жазаланушы әуелгі әдетіне басуы мүмкін. Бұл – генетик-ғалым Алмаз Ибрагимовтың пікірі.

«Бұл қолданылатын дәрілердің әсері – ол ер адамның либидосын, жыныстық қатынасқа деген ынтасын азайту, басып тастау. Нәтижелілігі болады деп есептеймін, бірақ ол қазіргі фармацевтиканың дамыған заманында, жеке медицинаның дамыған заманында бұл адамдарға мұқият бақылау қажет деп есептеймін»,-дейді генетик-ғалым Алмаз Ибрагимов.

Жаңа жылдан бастап күшіне енген заң ел ішінде алуан түрлі пікір тудырды. Кей тұрғындар бұл жаза тым жеңіл дейді. Ал енді бірі оларды қоғамнан мүлде аластау керек дегенді айтады. Алайда барлығының түпкі ойы бір – қылмыскер заң жүзінде жазалануы қажет.

«Педофилдер қаптап бара жатыр ғой. Жаңалықтардан көріп жүрміз. Олардың алдын алу үшін осындай шараларды күшейту керек»,-дейді тұрғын.

«Егер бір-екеуінің көзін көрсетіп тұрып құртатын болса, келесі адам, мүмкін, үлгі алып, қорқар ма еді»,-дейді тағы бір қала тұрғыны.

«Өлім жазасын беру керек»,-дейді қала тұрғыны.

Педофилдерге химиялық екпе егу әлемдік тәжірибеде бар. Мәселен, АҚШ-та жазаның бұл түрі өткен ғасырдың 60-шы жылдарында енгізіліпті. Нәтижесінде қылмыс саны айтарлықтай азайған. Біздің елде де бұл бағытта алғашқы қадам жасалды. Ал нәтижесін жақын болашақта білетін боламыз.

Оқи отырыңыз:

Қарақат Әбілдинаның бала күнгі суреті жұртты сүйсіндірді (фото)

Сахнада тұрып кешірім сұраған Төреғалиді халық қолдап, қошемет көрсетті (видео)

Ерке Есмахан өзін ренжіткен адамның жазаланғанын айтты

Қайрат Нұртастың жұбайы енесі туралы бар шындықты жайып салды

 

 

Талқылау