Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шариғат бойынша балаларға қоюға тыйым салынған есімдер

Ата-аналардың негізгі міндеті балаға тақуалық пен дін негіздеріне сай жақсы тәрбие беріп қана қою емес, сонымен қатар, жақсы мағынасы бар есімдер беру.

бала

Бұл жөнінде талай хадистер мен сахабалардың  өмір тарихтары бар, мағыналары жақсы емес сахабалардың есімдері анағұрлым әдепті есімдерге ауыстырылып отырған. Алла Елшісі (с.а.у.) балаларға пұттардың және Ислам қағидаларына қайшы келетін есімдерді қоюға тыйым салған, деп жазады islam.kz.

Мысалы үшін, екі дүние Сардар Пайғамбарының (с.а.у.) кезінде әйел сұлулығын білдіретін пұттың Санам деген аты кең тараған болатын. Бұл есім Алла Елшісінің (с.а.у.) өзімен тыйым салынған,  ал бұл есім берілген жандар мағынасы жақсырақ есімдерге ауыстырған.  Сондай-ақ, балаға Абд, яғни құл деген сөзді білдіретін қосымшасын қоспай, Алла Тағаланың бірде-бір атын қою дұрыс емес болып саналады.

Мысалы, егер адам өзінің ұлына Алла деп ат қойса, Ислам тұрғысынан алып қарағанда бұл дұрыс емес, себебі Алла Тағала Жалғыз және Оған тең келер ешкім жоқ. Бірақ егер ол ұлын  Абдулла («Алланың құлы») деп атаса, онда мағынасы жағынан көркем әрі мұсылман ортасында бірден-бір кеңінен таралған есім болады. Белгілі сахаба Әбу Хурайраны (р.а.) ата-анасы Абдуш-Шамс, яғни, Күннің құлы деп атаған екен. Алла Елшісі адам күн не аймен атала алмайды деп, оның есімін Абдур-Рахман, яғни, Мейірімді Алланың құлы, деп өзгерткен екен. Есімдерді қысқартып не болмаса бастапқы мағынасы өзеретіндей етіп өзгерту де дұрыс әрекет болып саналмайды.

Бірқатар елдерді Абдулла есімін қысқартып  Апо, Апуш және т.б. деп айту қалыптасқан. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай айтқан: «Қиямет күні сендер әклеріңнің әрі өздеріңнің аттарыңмен шақырыласыңдар, сондықтан балаларыңа көркем мағыналы есімдер беріңдер».

Соңғы уақытта балаларға басқа мәдениеттен, соның ішінде, батыстан алынған есімдермен атау үрдісі байқалуда. Алайда, ең алдымен, балаға ат қоймай тұрып, оның мағынасын білу, Ислам нормасы бойынша рұқсат етілгендігін анықтау қажет, тек әдемі есім екен деп қоя беруге болмайды. Кейде тіпті сандыраққа дейін жетеді, ата-аналары балаларын компьютер ойындарындағы сүйікті кейіпкерлерінің аттарын да қойып жатады.  Бала — бұл тірі адам және оған қойылған атпен ол басқа адамдар өмір сүретін қоғамда өмір сүретіндігін естен шығармаған жөн. Осы орайда, балаңызға ат қоярда келесі ережелерді ескеруіңізге болады:

1) Алла Тағаладан өзге біреудің құлы не соның иелігіндегі адам екенін білдіретін сөздерді қоюға болмайды. Мысалы, Абдуннәби (бұл Пайғамбардың құлы деген мағынаны білдіреді), Абдуламр (патшаның құлы), т.б. Адам тек Жаратушы Алланың ғана құлы болғандықтан, өзге біреудің құлы деп ат қою – өрескел қате, деп жазады Асыл арна.

2) Алла Тағалаға ғана тән көркем есімдерді қоюға болмайды.
Мысалы, Әл-Халиқ, Әр-Рахман, Әр-Рахым, Әл-Мәлик, Әс-Самад, Әр-Рашид, т.б. Бұл есімдер тек Аллаға ғана тән болғандықтан, алдына «Абд» қосымшасын (приставка) қосу керек, себебі, «Абд» сөзі «құл» деген мағынаны білдіреді. Қазақтағы Әбдіраxман, Әбдірахым, Әбдікәрім, Әбдісаттар, Әбдіжәміл деген есімдер осы қағидаға сүйеніп қойылған.

3) Аллаға ортақ қосудың рәмізін білдіретін есімдерді де қоймаған дұрыс.
Абдулманап, Абдушамс, т.б. Мысалы, бес мыңға жуық хадис жеткізген сүйікті сахабалардың бірі Әбу Һурайраның (р.а) шын есімі – Абдушамс болған. Абдушамс – «күннің құлы» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан да оның атын Әбдурраxман деп өзгерткен. Ал Пайғамбарымыздың (ﷺ) немере ағасы Әбу Ләһәбтің алғашқы есімі Абдул-ъузза болған. «Ъузза» – Алладан өзге сыйынатын қолдан жасалған құдай пұттың аты. (идол) Ал кейін оны Әбу Ләһәб, яғни оттың, тозақтың атасы деп атады. Екі аты да осындай жаман мағынаны берген ол шынында да, дінсіз болып, әрі Пайғамбарымызға (ﷺ) дұшпандық жасап, ең ақырында жұқпалы ауруға шалдығып өледі. Әрі оған байланысты «Мәсәд» деген сүре түсіп, ол сүреде оның тозақтық екені баяндалады.

4) Пайғамбарымыз (ﷺ) адамдарды әдемі есіммен атауға бұйырған. Адамды күлкі, келеке ететін сөздер мен жан-жануар, хайуандардың есімдерін қоймаған абзал. Сондай-ақ, мағынасы тек Аллаға ғана белгілі «Та Һа», «Ясин», «Ха Мим» секілді Құран сүрелерінің аттарын да қоймаған дұрыс. Себебі, бұлар арабтың та және һа, йа және син, ха және мим сынды әріптерінің атаулары. Бізге мағынасы беймәлім. Ол әріптердің мағынасы Аллаға ғана аян. Ал Кәусар, Ибраһим секілді мағынасы бар сүре аттарын қоя беруіңізге әбден болады.

5) Сондай-ақ, жын-шайтанның, дінсіздердің есімін балаға қоймаған абзал.

6) Дінімізде “Патшалардың патшасы”, “Әкімдердің әкімі”, “Сұлтандардың сұлтаны” деген сыңайдағы есімдерді қою құпталмайды.

Осылайша пайғамбарымыз (с.ғ.с) адам баласына жақсы ат қоюға, жағымсыз мағынадағы адам атын жақсы атқа ауыстыруға үндейді.

Талқылау