Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пайдасыз дәрілер: Қазақстандықтар дәрілердің әсері жоқ деп шағымдануда

Қарағандыда қан қысымы жоғары науқастар тегін медициналық көмек ретінде кепілдікпен берілген дәрілердің көмектеспейтінін айтып, шағымданды. Айтуыларынша, отандық дәрілер қан қысымды төмендетпейді.

Пайдасыз дәрілер: Қазақстандықтар дәрілердің әсері жоқ деп шағымдануда

Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Анастасия Наливико моксонидині бар қан қысымды төмендететін дәрігерді дәрігердің көмегімен алған. Қан қысымы жоғары зейнеркер импорттық дәрі-дәрмектерді ішкенде, ол жақсы көмектесетін дейді. Бірақ, Анастасия Наливиконың кейіннен кепілдендірілген көлемнің аясында тегін берілген отандық дәрілерге көңілі толмай отыр. Зейнеткер, отандық дәрілердің ешқандай әсері жоқ, қысымды түсіруге көмектеспейді деп шағымдануда.

«Пішіні де, түсі мен қорабы да бірдей. Нұсқауларды да көшіріп алған»,- дейді жоғары қан қысымынан зарбап шегетін Анастация Наливайко.

Ал, сапалы әрі, тиімді импорттық дәрі-дәрмектердің бағасы қымбат. Олар дәріханаларда 6 мыңнан жоғары тұрады. Бірақ, бұл соманы зейнеткерлердің қалтасы көтермейді. Сондықтан, олар шамамен 2 мың тұратын отандық дәрілерді алуға мәжбүр.

«Маған осындай қораптың тоғызын берді. Бір күнде 5 данадан ішкен кездерім болды. Бірақ, әсері ерекше жоқ. Сондықтан жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болдым»,- дейді Наталья Подорожная.

Бұл мәселе жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы да түсінік берді. Олар моксонидині бар белсенді препаратты науқастарға қазан айында бірден бірнеше айға бергендерін растады. Ал республика бойынша дәрілердісалып алуды «СК Фармация» компаниясы жүзеге асырады. Олар жергілікті өндірушілерге әрдайым басымдылық берілетінін жасырмайды. Бірақ, барлық препараттардың сапасы мен тиімділігі күмән тудырмайды деп сендіреді.

«Дәрі-дәрмектерді сараптау орталығы таратылатын препараттардың әрбір партиясын өзі тексеріп шығады»,- деп жауап берді «СК-Фармация» ЖШС қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы Іңкәр Мирьякупова.

Дәрілік заттарды бағалау орталығының мәліметі бойынша жыл басынан бері Қазақстанда дәрілерге қарсы реакциялар жайлы 3 мыңға жуық хат түскен. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық.

Ал егер қандай да бір шағымдар болса, мамандар дәрігерге баруға кеңес береді. Және шағымданушы дәрігермен бірге немесе өздігінен www.ndda.kz сайтына кіріп, сары картаны толтыруы керек. Егер шағым көп болса, препарат қолайсыз реакцияларға немесе тиімсіздікке сыналады. Ал олардың тиімсіздігі расталса, препараттың тіркеу куәлігі тоқтатылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау