Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көптеген дәрумендердің пайдасы жоқ, бірақ кейбіреуін қабылдаған абзал

Денің сау болу үшін не істеу керек? Қиын түгі жоқ. Бар болғаны: жеміс пен көкөністі көбірек тұтынып, жаттығу жасап, қажетті витаминдер қабылдау қажет. Әлде дәрумендердің қажеті жоқ па? Мамандар пікіріне зер салайық.

витамины1510

Ғалымдар дәрумендердің денсаулыққа айтарлықтай пайда алып келетінін әлі күнге дейін дәлелдей алмай келеді. Тіпті, жуырда зерттеушілер кейбір дәрумендердің зиян екендігін анықтады. Олардың кейбірі обыр дертінің асқынуына және бүйректе тастың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Американдық ғалымдар жүргізген соңғы зерттеу қандай дәрумендерді тұтынуға болатынын және болмайтынын анықтады.

Поливитаминдер. Онжылдықтар бойы мультивитаминдердің адам ағзасына алып келер пайдасы зор деп айтылып келді. С дәрумені – иммундық жүйені нығайту, А дәрумені – көру қабілетін жақсарту, В дәрумені сіздің белсенділігіңізді, энергияға толы болуыңызды қамтамасыз етеді. Аталмыш дәрумендерді сіз тұтынған азық-түліктен аласыз. Алайда, дәруменнің мөлшері шамадан тыс артқан жағдайда ол адам денсаулығына кері әсер етеді екен.

2011 жылы арнайы зерттеу жүргізіліп, зерттеу нысаны ретінде 25 жастан асқан 39 мың әйел алынды. Аталмыш дәрумендерді ұзақ уақыт бойы қабылдаған әйелдер басқалардан қарағанда өлімге бір табан болса да жақын болып шықты.

Д дәруменін міндетті түрде алып, тұтыныңыз. Ол сүйектеріңізді мықты қалыпта ұстап тұруға көмектеседі. Есесіне Д дәрумені біз тұтынатын тағамдардың көпшілігінде кездеспейді. Алайда дәл осы дәрумен ағзаның кальцийді сіңіруіне септігін тигізіп, сүйекті мықты қалыпта ұстап тұрады. Зерттеу нәтижелері Д дәруменін қабылдаған жандардың өзгелерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін көрсетті.

Антиоксиданттар: Оларды қабылдамағаныңыз жөн. Оның ағзада шамадан тыс артуы обыр дертінің кейбір түрлерін асқындыра түседі. Жалпы антиоксиданттардың қажетті мөлшерін жидектерден алуыңызға болады.

А, С және Е дәрумендерінің құрамында антиоксиданттар кездеседі. Олар көптеген жеміс-жидек пен көкөніс түрлерінде бар. Жалпы олардың тұтыну – обыр жасушаларын жояды деген пікір бар. Алайда зерттеу нәтижелері оларды шамадан тыс қолдану да ағзаға зиянын тигізетінін көрсетті. Шылым шегіп, тұрақты түрде А дәруменін тұтынған ерлердің өкпе қатерлі ісігіне аталмыш дәруменді тұтынбаған ерлерден қарағанда жиі ұшырайтыны анықталды. 2007 жылғы антиоксиданттар зертеуінің қорытындысы былай дейді: «Бета каротин арқылы емдеу, яғни А және Е дәруменін жиі тұтыну өлім-жітімді ұлғайтады».

С дәруменін дәрілік препарт күйінде тұтынбағаныңыз абзал. Оның орнына цитрусты жемістерді жегеніңіз жөн.

C дәруменін алғаш рет 1970 жылы химик Лайнус Пилинг ұсынған еді. Зерттеу нәтижелері аталмыш дәруменнің суық тиюге қарсы тұра алмайтынын көрсетті. Одан бөлек, дәруменнің мегадозасы 2000 миллиграмнан асса, бүйрек тасын ұлғайтып, ауруға душар етуі мүмкін.

Сол себепті С дәруменін тағамнан алғаныңыз дұрыс (құлпынайда бар).

B3 дәрумені: дәруменнің орнына арқан балық, қызылша немесе тунец жегеніңіз абзал.

Ұзақ жылдардан бері B3 дәрумені Альцгеймер ауруынан бастап, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге қолданылып келеді. Алайда жуырда жүргізілген зерттеулер аталмыш дәруменді де шамадан тыс қолдануға болмайтынын көрсетті.

2014 жылы жүргізілген зерттеуге жүрек ауруына шалдыққан 25 мыңнан аса адам қатысты. Алайда В3 дәруменін ұзақ уақыт бойы қабылдаған жандардың инсультқа, жүрек талмасына душар болуы азаймаған. Сәйкесінше, көз жұмғандар да жоқ емес. Одан бөлек, аталмыш дәруменді тұтынған жандар өзгелерден қарағанда инфекциялық ауруларға, ішкі қан құйылу және бауыр ауруларына жиі ұшырасқан.

Пробиотиктер: қосымша пробиотиктерді қабылдағаннан гөрі йогурт тұтынғаныңыз дұрыс.

Пробиотиктер – бір таблеткасы 1 доллардан жоғары тұратын бактериалды қоспалар. Йогурт немесе тағы да басқа ферментті азықтардың құрамында аздаған мөлшерде болса да аталмыш дәрумендер бар. Оның пайдасы: ішектегі біздің денсаулығымызға пайдалы триллиондаған бактерияларды нығайту. Дегенмен де, пробиотиктердің де пайдасы бірде бар болса, бірде жоқ.

Мырыш: қабылдауға кеңес берілетін дәрумен. Бұл – суық тиюден қорғайтын бірден-бір компонент.

Суықтан қорғауға күші жетпейтін С дәруменімен салыстырғанда мырыштың пайдасы зор.

2011 жылы жүргізілген зерттеуге сәйкес, мырышты тұтынған жандардың тұмауға, суық тиюге аз ұшырасатындары дәлелденді.

Е дәрумені: тұтынуға кеңес берілмейтін кезекті дәрумен. Оның ағзада шамадан тыс пайда болуы обыр дертінің кейбір түрлерін асқындыра түсетін болып шықты. Дәрілік күйдегі дәруменнің орнына саумалдық (шпинат) тұтынғаныңыз әлдеқайда пайдалы.

Е дәруменінің антиоксиданты қатерлі ісіктен қорғайтын бірден-бір препарат ретінде танымал болған еді. Алайда 2011 жылы жүргізілген зерттеуге сәйкес, Е дәруменін тұтынған ерлердің простата обырына жиі ұшырайтыны дәлелденді. Зерттеуге 36 мыңға жуық ер адам қатыстырылған болатын.

2005 жылы жүргізілген зерттеу Е дәруменінің шамадан тыс артуы өлімге душар етуі мүмкін екендігін көрсетті. Сол себепті Е дәруменін қажетсінсеңіз, балғын көкөністерден (шпинат) салат әзірлеп жеңіз.

Фолий қышқылы: Жүкті әйелдерге және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге тұтынуға кеңес беріледі.

Фолий қышқылы В дәруменінің құрамында болатын, ағзада жаңа жасушалардың түзілуіне септігін тигізетін бірден-бір қоспа. Денсаулық сақтаудың ұлттық институттары жүкті немесе жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге тәулігіне 400 мкг фоли қышқылын тұтынуға кеңес береді. Мөлшерінің көптігі жаңа ағзаға қажетті заттармен байланыстырылады.

Одан бөлек, зерттеу нәтижелері, фоли қышқылының жаңа туылған нәрестенің бас миында, омыртқасы мен жұлынында кемістіктердің болмауын алдын алатыны анықталды.

Жіберіп алмаңыз: 

Гомеопатиялық дәрілер баланың өліміне себепші болуы мүмкін

Есінеу шарттары: Дінде есінеудің шайтаннан болатыны айтылған

Қостанайлық дәрігерлер 6 жасар балаға не себепті сәтсіз ота жасалғанын түсіндірді

Күйзеліс пен ашушаңдыққа жол бермейтін 9 тағам

Талқылау