Павлодарлық полицейлер бір түнде 60 автокөлік иесіне айыппұл салды
Павлодарда полиция қызметкерлері бір түннің ішінде 60 автокөлік иесіне айыппұл салды. Олардың барлығы бір-бірімен көрші тұрады. Тұрғындар тыйым салу белгісінің көрсетілгеніне қарамастан көліктерін үйлерінің жанына қалдырған.
Оны көрген тұрғындардың бірі полицияға құқық бұзушылықтың болғаны туралы хабарлаған. Бірақ ол бүгін көпшілік алдында көршілерінен кешірім сұрады, деп хабарлады 31 арна.
Павлодар қаласы Ткачев көшесіндегі пәтердің алпыс тұрғыны бір түнде құқық бұзушыларға айналды. Көрші төрт үйдің тұрғындары тыйым салынған жерді тұраққа айналдырғаны үшін жазаланды.
Усоль ықшам ауданында көбінесе мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері тұрады. Күндіз жол бойында көлік көп болмағанымен, түнде тұрғындардың автокөлігінен көше көрінбей кетеді. Айыппұл алған жүргізушілер заң бұзушылық жасағандарымен келіседі. Бірақ олар арнайы автотұрақ жоқ деп, көліктерін қайда қоямыз деп отыр.
«Бір жағынан ол дұрыс, бірақ екіншіден қайткен де де бұл мәселені шешу керек қой. Жақын жерде не ақылы автотұрақ та жоқ. Сондықтан кеш батқанда көлікті осында қойып кетеміз»,-дейді айыппұл салынған тұрғын Александр Денисенко.
Көлік қоюға тыйым салынғаны жайлы белгілер бірнеше ай бұрын ғана орнатылған екен. Тұрғындар оның өзін қарды тазалау жабдығы түнде өте алмайды деген сылтаумен қойылды дейді. Ал жол қозғалыс ережесін бұзды деп хабарлаған блогер күтпеген жерден көршілерінен кешірім сұрады.
«Тұрғындардан, жүргізушілерден кешірім сұрағым келеді. Мен бұндай жағдай болады деп күтпеген едім. Менің ойымша автотұрақ қою қажеттілігін көрген әкімшілік немесе тұрғын үй-коммуналдық қызметі тұрақ салуды жоспарға енгізетін шығар»,-деді блогер Андрей Командин.
«Құқық бұзушылар 3 АЕК түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға жақында ғана болған соң айыппұлды тек жартысы ғана төледі, қалғандары енді төлемек. Тексеру кезінде алынған барлық тіркеу нөмірлер көлік иелеріне қайтарылды»,- деді Павлодар қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Қаптаев.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда бір отбасындағы әрбір оралманға жәрдемақы төленетін болды
Жан Ахмадиевтің видеосында жезөкшенің рөлін әйелі сомдаған
Танымал кәсіпкер Талғат Ақуов алаяқтығы үшін айыпталуда
Шымкентте балмұздақтан жаппай улану: Төрт бала жансақтау бөлімінде