Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық прокурор Мәскеуден келген 4 жасар қызға донор болды

Павлодарлық азамат Мәскеуден келген 4 жасар қыздың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

павлодар прокурор

30 жастағы Ержан Досымжановтан сүйек кемігінің жасушалары ауыстырылды. Бір қызығы, олардың 100% сәйкестігі өте сирек кездеседі – он мыңнан бір мүмкіндік ғана.

Бірнеше жыл бойы облыс орталығының тұрғыны мезгілімен қан тапсырып тұрған. Бірде ол белгісіз адамның өмірін сақтап қалу үшін донор болуға дайын екендігі туралы өтініш береді. Оның деректері гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың ұлттық тізіміне енгізіледі. Және жақында оның деректері жедел иммун тапшылығы бар баланың дерегімен сәйкес келеді.



"Процедура шамамен 5 күнге созылды. Алғашқы бес күн дайындықпен өтті: ол уақытта бағаналы жасушалардың шығуын тудыратын арнайы препараттар егілді. Отаның өзі үш сағат болды. Мен барлығына мүмкіндігінше бағаналы жасушаның доноры болуды ұсынар едім, өйткені әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл артық ауыртпалықсыз өтеді және денсаулыққа ешқандай зияны жоқ", – деді Ержан Досымжановтың өзі.

Облыстық қан орталығының директоры Мүслім Сұлтанованың айтуынша, бағаналы жасушаларға қан үлгілері жыл сайын жіберіліп тұрады екен.

"Біз жыл сайын бағаналы жасушаларға қан үлгілерін жібереміз. Осы уақыт ішінде біз 565 қан сынамасын жібердік. Сәтті кездейсоқтықпен, биыл жоғарыда аталған бала біздің донордың талдауларының барлық локусында сәйкестік алды. Клиникалық тәжірибеде 100% сәйкестік әдетте туыстық қатынастар бойынша жүреді", – дейді ол.

Талқылау