Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық отбасылар үш ай бойы белгісіз паразиттерден жапа шегуде

Екі айдан бері уақыт павлодарлық отбасы белгісіз тері астында өмір сүретін паразиттерден зардап шегуде. Әйелдердің айтуынша, денесі көпіршіктермен жабылып, содан кейін ішінен белгісіз тіршілік иесі шығатын көрінеді. Ал дәрігерлер ештеңе таппаған, тіпті оларды психикалық саулығын тексеруге де жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ”Астана”  арнасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға жөнінде бұдан алдын да жазылған болатын. 

Пахомовтар отбасы белгісіз шабуылдан құтылу үшін күнделікті ұзақ уақытқа созылатын керосин ванналарын, майлар мен алкогольді жақпаларды қолдануға мәжбүр. Аннаның айтуынша, жаз мезгілінде ол мүгедек қызымен бірге Ақтау қаласындағы санаторийге оңалту процедураларына барған. Ал ол жақтан қайтып оралғанда, тері астынан белгісіз паразиттер пайда бола бастаған.

Осыған ұқсас оқиғаға павлодарлық Алена Емельянова да тап болған. Баласымен бірге ол да оңалту кешеніне барған.

"Бізден шаш, қара нүктелерге ұқсас кішкентай тіршілік иелері шығады. Үш ай уақыт өтсе де, бізге нақты диагноз қоя алмады, өзімізді өзіміз емдеуге мәжбүрміз",  – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Алена Емельянова.

Жергілікті емханада әйелдердің айтқан сөзіне сенбеген, тіпті психикалық саулықтарын тексеруге кеңес берген. Алайда шағымдардың жиілігінен кейін тері астындағы паразиттерді тексеруге жіберген. Нәтижесі  науқастарды таңғалдырған: дәрігерлер олардың табиғатын анықтай алмай, нақты емдеу жолын көрсете алмаған.



"Бұл стандартты тексерулер бізде барлығы жақсы екенін көрсетеді, бірақ біздің жағдайда мүлдем басқа зерттеу қажет, ол бізде жоқ және қалада да, облыста да қарастырылмаған. Біздің талабымыз да осы", – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Анна Пахомова.

Шарасыз күйге түскен әйелдер денсаулық сақтау басқармасына барған. Онда әйелдердің үйлеріне паразиттер тері астынан қайта шыға бастағанша күтетін медицина қызметкерлерін жіберуге уәде еткен. Содан кейін үлгілер қайта сынауға жіберілетін болады. Алайда бұл жерде тағы да қарама-қайшылық туындайды: дерматологиялық көрсеткіштер бойынша Пахомовтар мен Емельяновтардың денсаулығы жақсы екенін павлодарлық дәрігерлер де, Ұлттық сараптама орталығы да растап отыр.

"Мен тері дәрігері болмағандықтан, барлық аурулар сияқты болады деп айта алмаймын. Бүгін біздің Павлодар облысының дәрігерлерінің қорытындысы бойынша, олар дерматологиялық жағынан сау, паразиттерге де тексерулер жүргізілді", дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Бұратаева.

Дәрігерлер бір шешімге келгенше, бұл отбасылар белгісіз аурудың зардабын тартып жатыр. Балалар мектепке бармайды, олар үйден оқуға мәжбүр, әйелдер де жұмысқа шыға алмай,  еңбек демалысын алған. Ал өзін өзі емдеу қалтаға салмақ түсіреді. Павлодарлық әйелдердің сөзінше, аптасына паразиттерге қарсы препараттар мен түрлі санитарлық өнімдерге 80 мың теңге жұмсалады.

Талқылау