Павлодарлық азамат телефонын түнде қуаттаймын деп күйіп қалды
Павлодар тұрғыны смартфонын қуаттаймын деп күйіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Павлодар тұрғыны телефонын тоққа қосып, матрасқа қойып, ұйықтап қалған. Түнде ол тұйықталып, матрас жана бастаған. Ақырында азаматтың басы күйіп қалған. Мұндай жағдайды болдырмас үшін, өрт қауіпсіздігін сақтаған дұрыс.
Үйден кетерде немесе ұйықтар алдында тоңазытқыштан басқа барлық электр құрылғыларын тоқтан ажырату керек", — деді ТЖМ өртке қарсы қызмет Комитеті басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев.
ТЖМ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айында елімізде 7 мыңнан аса өрт оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 251 адам қаза тауып, 217 жан жараланған.