Павлодардан Ресейге жанармай цистерналарын заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Павлодардан Ресейге жанармай құйылған төрт цистернаны заңсыз алып шықпақ болғандар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Павлодар облысында органикалық еріткіш атын жамылып Ресейге өткізбек болған төрт теміржол цистернасы дизельдік отынмен ұсталды", - делінген хабарламада.
Жамбыл облысында да жанар-жағармай құйылған цистерналар Қырғыз Республикасына әкетпек болған кезде ұсталған.
"Құжаттарда лакты кетіруге арналған еріткіш ретінде көрсетілген АИ-92 маркалы бензині бар бес теміржол цистернасы ұсталды. Тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы сомасы шамамен 60 млн теңгені құрады", - деп хабарлады агенттік.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан