Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы дала өрті: Жақын маңдағы ауылдан адамдар эвакуацияланды

Павлодар облысында дала өрті басталған ауылдан әйелдер мен балалар эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт

Бұл туралы Қазақстан ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.

"Павлодар облысы Шарбақты ауданының Жылы-Бұлақ ауылдық округінде Сахновка-Жылыбұлақ-Қосқұдық ауылдарының арасында 7 сәуір күні жалпы көлемі 1000 гектар болатын жыртылған жер учаскелерінде дала өрті болды", - деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт сөндіруге ТЖД-нің 9 қызметкері және 3 техника, сондай-ақ 21 ерікті өрт сөндіруші және 9 техника жұмылдырылды.

Көмек көрсету үшін Павлодардан ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің лекторы жіберілді (жеке құрамның 12 қызметкері және 3 бірлік техника).

"Қосқұдық ауылында 30 адам тұратын 12 үй орналасқан. Қатты түтінге байланысты ауылда 4 әйел мен 10 бала Шарбақты ауылындағы №2 мектеп-интернатына көшірілді", - деп толықтырды Нұрахметов.

Ауылдың ер адамдары көмек көрсету үшін өрт орнында қалды. Елді мекендер мен орман алқабына қауіп жоқ.

Айта кетейік, оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов және ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов келді.

Бұған дейін Ертіс өзенінің алқабындағы өрт бау-бақшаға тарап, Павлодардағы саяжай учаскелерін жойып жібергені хабарланды.

 

Талқылау