Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жас жігіттерді аяусыз сабаған полицейлер жұмыстан қуылды

Павлодарда дәмхана алдындағы төбелестен соң 4  бірдей тәртіп сақшысы жұмыстан қуылып, басшылары да сөгіс алды,-деп жазды КТК арнасы.

полиссс

Кафе клиенттерін тепкілеген 25 жастағы сержантқа қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылса, әріптестері мұны көре тұра шара қолданбағаны үшін жауапқа тартылып отыр.

Мына кадрлар төбелес болған аумақтағы бақылау камерасына түсіп қалған. Онда полицейлер араққа сылқия тойып алған жігіттерді патруль көлігіне күшпен отырғызуға тырысып жатыр. Ақыры шыдамы тауысылған тәртіп сақшыларының бірі ұсталғандарды таяқтап, басынан тепкілеген.

Сөйтсе, дәмханада отырған бұл жігіттер басқа клиенттердің мазасын алып, тіпті бір әйелге қол жұмсаған екен. Ал полицияны даяшылар шақырыпты. Тентек жігіттер келген тәртіп сақшыларына да бой бермей, соңы төбелеске ұласқан.

Ақыры таяқ жеп тынған олар да енді істі болып жатыр. Күш қолданған полицейдің өзі кепілмен бостандыққа жіберілсе, оның үш әріптесі мен 7 бірдей басшысы тәртіптік жазаға тартылған.

«Бұл тұрғыда қол көтерген полицей ғана емес, жанжалға жол берген оның әріптестері де кінәлі. Қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша олар жұмыстан босатылды. Басшылары да жазасыз қалмады. Бірі тәртіптік жазаға тартылса, екіншілері қатаң сөгіс алды»,-дейді Павлодар облыстық ІІД бастығы Марат Қожаев.

Оқи отырыңыз:

Мамандар 35 мың тонна қарбыздан құрт табылғанын растады

Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Астанада қаршадай қызды зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

Ресейлік танымал актриса өмірден озды

Талқылау